Мүмкіндігі шектеулі бойжеткендер арасында «Астана Аруы-2015» атты қалалық сұлулық байқауы басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ДОС» Тәуелсіз өмір» орталығы Наурыз мейрамын атап өту аясында мүмкіндігі шектеулі бойжеткендер арасында «Астана Аруы-2015» атты бірінші қалалық сұлулық байқауының өткізілетінін жариялайды.

Байқаудың мақсаты - қоғамның мүмкіндігі шектеулі әйелдер туралы пікірін өзгерту, жаңа әлеуметтік стандарттарды енгізу. Ең бастысы - бұл қатысушы нәзік жандылардың өздерін мүгедек ретінде сезінуден алшақтап, өзгеруге, өмірлері мен айналасын өзгертуге мүмкіндік алады.

Шараны Қайролла Әбішевтің сән студиясы, Ольга Крюкованың дизайн және сән бірінші астаналық мектебі, Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі, «Вектор развития» ЖШС, «Fit Sweets» ЖК қолдады.

Байқаудың бас ақпараттық әріптесі - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.

Онлайн дауыс беру 2015 жылғы 28 наурыздан бастап 3 сәуірге дейін жүргізіледі. miss.inform.kz сілтемесі арқылы өтіп дауыс беруге болады.

Жеңімпаздар онлайн дауыс беру қорытындылары бойынша анықталады. Қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі 2015 жылдың 4 сәуір күні сағат 16:00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының атриумында өтеді.

Марапаттау рәсіміне 17-ші Азиялық Паралимпиадалық ойындардың арбадағы спорттық бал билері бойныша күміс жүлдегерлері К. Тынабекова мен А.Оторбаев, «Созвездие» би ансамблі, Алексей Велижаниннің би театры, вокалшы Айнұр Байнулдинова, домбырашы Айгүл Бесімбава, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Татьяна Хасьянова және т.б. қатысады.

Соңғы жаңалықтар