Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған адамдарды бөлек тізімге шағару қажет – депутат үй кезегі туралы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Jibek Joly» телеарнасының Мәжілістегі студиясында қонақта болған депутат Гауһар Танашева әлеуметтік осал топтарға арналған ипотекалық бағдарламаларлы қайта қарау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік осал топтағы адамдарға арналған ипотекалық бағдарламалар бар, жүзеге асып жатыр. Дегенмен оларды қайта қарастыру керек. Мәселен, қарапайым отбасыны алсақ, ол 10% алағашқы жарнаны төлей алмайды. Сондықтан ол алғашқы жарна үшін тұтынушылық несие алады. Енді осы орайда бір мәселе бар – ол тіркеу шарты. Яғни, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі болуы тиіс. Қарасаңыз, үйі жоқ адамның қандай тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуі болады? Сондықтан адамдарды заң бұзуға өзіміз итермелеп отырмыз. Мысалы, 7 баласы бар отбасыны кім тіркейді? Әрине, олар ақша төлеп, бір жерге тіркеледі», - деді Мәжіліс депутаты.

Гауһар Танашева үй алу үшін қойылатын талаптардың арасынан тұрғылықты мекенжайы бойынша 3 жыл тіркеуде тұру міндеттемесін алып тастауды ұсынады.

«Менің ойымша, тіркеуді алып тастау керек. Мұның жолдарын қарастыру қажет. Әлеметтік осал топтарға жататын отбасылардың табысы төмен. Ал банк қоятын талап – айлық табысы жоғары болуы тиіс. Сондықтан Үкімет тарапынан осыған жауапты адамдар мұны шешуі керек. Сондай-ақ, алғашқы жарнаны алып тастау қажет. Ол қиын емес деп ойлаймын. Банктермен келісмшарт жасасуға болады», - деп ұсыныс білдірді Гауһар Танашева.

Сонымен қатар депутат мемлкет тарапынан әлеуметтік осал топтарға берілетін пәтерлерді алу қиын екенін атап өтті. Басты талаптың бірі 3 жыл бойы үй алатын қалада тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу болуы тиіс.

«Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған бөлек тізімге шағару қажет. Сондай-ақ, толық емес отбасылар «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылды. Соларды қайта енгізу керек. Бұл да бір көмек», - деп тоқталды мәжілісмен.


Соңғы жаңалықтар