+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнаулы жәрдемақы мөлшері ұлғайтылады - Президент

2020 жылғы 25 қараша 11:48
Бөлісіңіз:
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнаулы жәрдемақы мөлшері ұлғайтылады - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін арнаулы жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 есе көбейтілген мөлшеріне дейін болады. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрақты күтімге мұқтаж және жеке көмекші қызметін пайдаланбайтын 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлығына қосымша әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Осыған орай берілетін арнаулы жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 есе көбейтілген мөлшеріне дейін болады. Алдағы 5 жыл ішінде біз ерекше күтімді қажет ететін адамдарды арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ оларға толықтай оңалту-сауықтыру қызметі ұсынылады. Бірақ, ең бастысы әр адамға табыс табу мүмкіндігін беру керек. Бұл ретте біз нақты шаралар қабылдаймыз», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының айтуынша, соның нәтижесінде 2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту көрсеткіші 30 пайызға жетеді.

«Осындай жандардың кәсіби қызметпен айналысумен бірге білім алуына да жағдай жасау маңызды. 5 жыл ішінде колледждер мен жоғары оқу орындары инклюзивті білім беру үдерісімен толық қамтылады. Сонымен қатар мектепке дейінгі барлық мекемелер мен мектептерде бұл көрсеткішті кезең-кезеңмен 70 пайызға дейін жеткіземіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT