Мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта жасаудың бірыңғай тәсілі керек - вице-министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісіз орта құрудың бірыңғай тәсілін әзірлеу керек. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы уақытқа дейін сіздермен бірге әлеуметтік сала қызметкерлерінің күшімен ғана ілгері жылжып келдік. Ал қазіргі уақытта қолға алынған шаралардың сай келетіндігін немесе келмейтіндігін айта алатын құзіретті органдардың да араласатын сәті туды. Естеріңізде болса ғимаратқа кіруге арналған қарапайым пандустарды орнатудың өзі науқаншылыққа айналып кетті. Пандустар стандартқа сай жасалмады, бұрыштары дұрыс болмай көтерілу қиындық тудырды», - деді вице-министр мүдектерге кедергісіз орта құру мәселелері талқыланып жатқан үш күндік республикалық оқу-тәжірибелік семинар барысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселелерді шешуді алдына міндет ретінде қойып отыр.

«Бірінші кезекте бұл құзіретті органдардың алдында қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша бақылаушы қызметін бекіту болып отыр. Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жалпыұлттық жоспардың 62 тармағы бойынша Жол картасын әзірледі. Аталған картаға сәйкес ендігі уақытта өңірлердің өзінің аумақтық картасы болуы тиіс және біз сол жол карталарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуіміз керек», - деді ол.

Айта кетейік, «Кедергісіз орта құру бойынша кешенді тәсілді қалыптастыру және жұмыс жүйесін ұйымдастыру» тақырыбындағы семинарды елімізідң Еңбек және халықты әлеуметтік қроғау министрлігі Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығымен бірге ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар шараға «Nur Otan» партиясы да қолдау көрсеткен.null

Соңғы жаңалықтар