Мүмкіндігі шектеулі адамдар өздері үшін үн қататын уақыт келді - «Шырақ» қорының жетекшісі Л.Қалтаева

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда №33 сайлау учаскесінде «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымының төрағасы Ләззат Қалтаева қалалық Мәслихатқа депутат болуға үміткер ретінде құжат тапсырды. Оның кандидатурасын «Нұр Отан» партиясы кеше өткен 18-конференцияда ұсынған болатын. Бұған дейін Ләззат Қалтаева партия ішіндегі сайлау праймеризге қатысқан.

«Елбасы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы жайлы бірнеше рет м2селе көтерген болатын. Партия бұл сөздерді қаперге алды. Тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде де партия «Кедергісіз болашақ» жобасын жүзеге асырып келеді. Мәжіліске сайланатын үміткерлердің арасында да мүмкіндігі шектеулі адамдар баршылық. Бұл тең құқылы мүмкіндік берілгенін көрсетеді. Мүгедек адамдар үшін емес, олардың өзі сөйлейтін уақыт келді», - деді мәслихат депутатына үміткер.

Айта кету керек, қалалық Мәслихат депутаттарының сайлауы 20 наурызда өтеді.

Соңғы жаңалықтар