Мумбайдағы ауруханада өрт шығып, алты адам қайтыс болды

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Үндістанның Мумбай мегаполисінде коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханада бейсенбіде қайтыс болғандар саны алты адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін The Times Of India газеті екі адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын.

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өртенген ауруханадан барлығы 76 пациентті, оның ішінде өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған жеті адамды эвакуациялады. Олардың барлығы басқа ауруханаға жатқызылды.

Коронавирусты жұқтырғандарға арналған аурухана сауда орталығының үшінші қабатында орналасқан. Өрт оның бірінші қабатында шыққан. Төтенше оқиғаға күрделіліктің үшінші санаты берілді.

Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ, тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар