Мумбайдағы алапат нөсер: бірнеше аудан су астында қалды

None
None
НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Толассыз жауған муссон жаңбырының салдарынан Үндістанның «экономикалық астанасы» Мумбайдың бірнеше ауданын су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, дүйсенбіден бастап толассыз жауған жаңбыр мөлшері шамамен 230 мм болған.

Билік сейсенбі күні шұғыл қызметті қоспағанда, барлық офистер мен ғимараттарды жабу туралы шешім қабылдады. Автобус қатынасы шектелді, жергілікті пойыздар тоқтатылды. Қаланың бірнеше бөлігіндегі көшелер мен жолдар су астында қалды. Әсіресе Горегаон, Кинг-Серкл, Дадар, Шиваджи-Чоук қатты зардап шекті.

Синоптиктер қалада нөсер жаңбыр әлі де жаууы мүмкін екенін ескертті.


Соңғы жаңалықтар