+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты

2021 жылғы 23 шілде 13:26
Бөлісіңіз:
Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Жұма күні түнде Мумбайдағы тұрғын үй құлап, жеті адам қаза тапты, тағы үшеуі жарақат алған. Бұл туралы ҚазАқпарат ANI агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда мүмкіндігі шектеулі баланы ұрған қызметкер жұмыстан қуылды Алматыда жанар-жағармай бекетінде мотоцикл өртенді Батыс Қазақстанда киіктер жол салушылар қазған траншеяға түсіп кетті

Қалалық полицияның мәліметіне сәйкес, оқиға қаланың шығысындағы Гованди ауданында болған. Үйдің қирауына қатты нөсерден туындаған су тасқыны мен балшық ағындары себеп болған. Бір тәулік ішінде қалада 380 мм-ге жуық жауын-шашын түсті.

Шілде айының ортасында Үндістанның Батыс жағалауында, соның ішінде Мумбайда күшті муссондық нөсер маусымы басталды. 19 шілдеде Шамбур, Вихроли, Бхандпур аудандарында сел мен су тасқынынан туындаған ғимараттардың құлауынан Мумбайда 33 адам көз жұмды. Қаланың ойпатты аудандары су астында қалды.

Билік ұлттық әскери-теңіз күштерінен құтқару жұмыстарын жүргізуге көмек сұрады. Елдің батыс Әскери-теңіз қолбасшылығы құтқару топтарын жұмылдырды және азаматтық әкімшілікке көмек көрсету үшін әскери тікұшақтарды тартты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT