Мумбаидағы өрт: 10 адам отқа оранған ғимарат ішінде қалып қойған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні таңертең Үндістанның экономикалық астанасы - Мумбаи қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды РИА Новости қала полициясының өкіліне сілтеме жасап.

Агенттікке сұхбат берушінің айтуынша, Парел ауданындағы биік тұрғын үй ғимаратының 12-інші қабаты өртке оранған. Қазіргі таңда оқиға орнында 14 өрт сөндіру көлігі жалынмен арпалысып жатыр. Куәгерлердің әлеуметтік желілерде жариялаған суреттерінен көк түтін басқан ғимараттың үстінен тікұшақтар айнала ұшып жүргені көрінеді.

«Біз ғимараттан сыртқа өздігінен жете алмай, төбесіне шығып кеткен бірнеше адамды кранның көмегімен құтқара алдық. Біздің бағамдауымызша, үйде әлі 10 адам бар. Олар баспалдақтардың арасында қысылып қалған болуы керек. Аман-есен шығарып алу үшін бар күшімізді салып жатырмыз», - деді құқыққорғау органдарының өкілі.

Оның айтуынша, қаза тапқандар жайында мағлұматтар жоқ. Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар