Мүлкі өртенген барахолка саудагерлері сот шешіміне таңданып отыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Жетісу аудандық сотында барахолканың өртенуі бойынша үкім шығарылды.

Сот шешіміне сәйкес мүлкі өртенген саудагерлердің шығынын қайтару мәселесі енді жеке өндірістік іс бойынша қаралады.

«Судья шешім шығарар кезде саудагерлердің тауар құжаттарының қытай тілінде екендігін ескерді. Сондықтан осындай шешім шығарды. Олар 15 күннің ішінде үкімді қайта қарауға шағым түсіруге құқылы», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Ал, сотқа арызданған саудагерлер болса бұл шешіммен келіспейтіндерін айтты.

«Біз құжаттың бәрін қазақшаға аударып әкелген болатынбыз. Сот неге мұндай шешім қабылдағаны түсініксіз. Мен өз басым күйік шалған мүлкімнің шығыны қайтарылатынына сенбеймін», - деді саудагер Пазена Абдикадирова.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр тілсіз жау «Құлагер» базарында орналасқан 294 қойманы шарпыған болатын.

Жалпы алғанда, өрт салдарынан мемлекетке 12 млн. теңге, ал жеке кәсіпкерлерге 290 млн. теңге көлемінде залал келтірілді.

Соңғы жаңалықтар