Мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімдері өзгермейді - комитет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімдері өзгермейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Мүлік салығы мен жер салығын төлеу мерзімдері өзгермейді, сондықтан олар бойынша міндеттемелер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін орындалуы керек.

Сондай-ақ, келесі жылдан бастап салық төлеушілер жоғарыда аталған салықтарды жаңа формада - біріктірілген бюджеттік жіктеу коды арқылы төлейді, яғни салықтың екі түрі үшін тек бір төлем жасалады», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар