Мүлік иелері бірлестігін онлайн тіркеуге болады - министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мүлік иелері бірлестігін онлайн тіркеуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін мүлік иелерінің бірлестігін тіркеп, оның төрағасын сайлау үшін баспана иелерімен бірнеше мәрте кездесіп, тиісті өтінішті жіберуге ұзақ процестен өтуге тура келетін. Енді «Управ.дом» мобильді қосымшасы арқылы смартфондағы батырманы басып, қажетті өтінішті онлайн жолдаса жеткілікті. Мемлекеттік деректер базасы мен цифрлы платформалардың интеграциясы нәтижесінде «МИБ-ті онлайн тіркеу» қызметі жолға қойылды.

Аталған жоба бойынша дауыс берудің онлайн форматы қарастырылған. Демек тұрғындардың келісімі мен қолдары интерактивті түрде жиналып, дауысты, кворумды автоматты санау және электронды хаттаманы қалыптастыру көзделеді.

Сондай-ақ, МИБ-ті электронды форматта тіркеу үшін тұрғын үй төрағасының, хатшының және тұрғын үй кеңесінің қолы қойылған электронды хаттаманы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына жіберу мүмкіндігі жолға қойылған.

Бұл жобаны іске асыру арқылы МИБ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, алаяқтық әрекеттерді алдын алу, тұрғын үйді басқару процестерін автоматтандыру, сондай-ақ қағаз құжат айналымын азайту межеленген.

Қосымшаны пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мына жерден таныса аласыз.

Ал, қосымшаны жүктеу сілтемесі: https://eosi.page.link/2irR


Соңғы жаңалықтар