Мұқтаж отбасындағы бір баланы мектепке дайындауға 43 мың теңгеден берілді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік осал топтан шыққан әр оқушы балаға мектеп формасы мен кеңсе заттарын сатып алуға 43 мың теңгеден берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, «Жалпыға міндетті оқу» қорынан әлеуметтік осал топтағы оқушыларға арналған көмектің сомасы – бір балаға 43 мың теңгені құрайды.

«Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен жалпы 847 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда қаражат 16 мың оқушының ата-анасының шотына аударылды. Барлығы 20 мыңға жуық оқушы материалдық көмек алады.

«Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» республикалық акциясы аясында 1 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді. Демеушілер мен меценаттар бөлген 17,3 млн теңгеге мектеп формасы мен кеңсе тауарлары сатып алынып, таратылды«, - делінеді әкімдік хабарламасында.

Осыған орай Алматы әкімдігі игі іске бей-жай қарамайтын қала тұрғындарына акцияға атсалысып, мұқтаж балаларға көмек көрсете алатындарын жеткізді. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар