Мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін қаржыны аударып, көмектесуге болады – Бас мүфти

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түн – Қадір түрі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен биылғы Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын халқымыз пітір садақасын мешітке келіп беріп, Құран оқып, бата алатын. Өкінішке қарай, биыл біз олай жасай алмаймыз. Сондықтан біз Әзірет сұлтан мешітінде әр 15 минут сайын Құран оқып, бата жасайтын боламыз. Онлайн режимге қосылып, қол жайып, дұғаға тілекші болуларыңызға болады», - дейді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ол биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталатынын айтты.

«Мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түн – Қадір түні. Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп берсеңіз де ауыз аштырғанның сауабын аласыз. Тіпті көмекке мұқтаж отбасыларға ауыз ашарға кететін шығынды беріп, қаржылай көмек көрсетсеңіз де мол сауапқа кенелесіз. Осы ретте барша отандастарымды көмекке мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау көрсетуге, еліміздегі мешіттер арқылы ауызы берік отандастарымызға ауызашар таратуға шақырамын», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар