Мұқтаж болсаң – ал, жағдайың болса – сал: Қарағандылықтар қайырымдылық акциясын өткізді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бір ай бойы қарағандылық жастар компаниясы «Мұқтаж болсаң – ал, жағдайың болса – сал» қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күн сайын Пришахтинск супермаркеттерінің бірінің жанында азық-түлік дастарханы жайылады. Мұнда «Мұқтаж болсаң – ал, жағдайың болса – сал» деген хабарландыру ілінген.

Кез келген мұқтаж адам келіп, қажетті өнімдерді ала алады.

Ал игі іске өз үлесін қосқысы келетіндерде бірдеңе сатып алып, үстелге қалдыруға мүмкіндігі болды.

«Акция идеясын біздің қордың қызметін бұрыннан бақылап, көмек көрсетіп келе жатқан таныс балалар айтт ы. Олар ұзақ уақыт дайындалды, қаражат жинады, азық-түлік сатып алды. Олар бұл акцияның не екенін адамдар түсінуі үшін арнайы жадынама жасады», – дейді «Отзыв» қоғамдық қорының жетекшісі Александр Корогодов.

Үстелдегі тағамдар әр түрлі болады: күріш, қарақұмық, геркулес, макарон, қант, тұз, ұн, су, құрма.

Әлеуметтік желілерден акция туралы біліп, оған көкөніс пен жемістерді бөлшек саудада сатумен айналысатын жас кәсіпкерлер қосылды.

Сондықтан уақыт өте келе үстелде алма, банан, киви пайда болды.

Александр да шетте қалмады. Ол қордан акцияға қаражат берді, осындай қайырымдылық іс-шараларын қалай сәтті өткізу керектігі туралы тәжірибесімен бөлісті.

«Үстелдің жанынан өткен қарапайым адамдар үшін бұл таңқаларлық жайт болды. Көбісі алдымен жігіттер азық-түлік сатады деп ойлады. Көптеген мұқтаж адамдар жақындауға ұялғанын көруге болады. Біз оларды өзіміз шақырдық, қажеттісін бердік», – дейді «Отзыв» қорының жетекшісі.

Бұл акция соңғы рет өткізліп отырған жоқ. Еріктілер жерлестеріне көмек көрсетуді әлі де жалғастырмақ.

Александрдың айтуынша, қайырымдылық адамдарды мейірімді етеді.

Қол ұшын бере алатындар міндетті түрде қайғы-қасіретке душар болған мұқтаждарға көмек көрсетеді.

«Менің қорым сегіз қайырымдылық акциясын өткізді. Соңғы шара барысында біз 40 отбасына көмек көрсеттік. Бір айға азық-түлік сатып алдық. Бұл әлеуметтік осал топқа жататын отандастарын қолдағысы келетін қарапайым адамдардың арқасында жүзеге асады. Қарағандылықтарға айтарым, шетте қалмаңыздар, әр тиын мұқтаж балалардың, жалғызбасты аналардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың күлкісі мен қуанышына себеп болуы мүмкін», – дейді Александр Корогодов.


Соңғы жаңалықтар