Мұқият болыңыз: Алматы полицейлері тұрғындарға үндеу жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы тұрғындарға жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясы алаяқтарға алданып қалмас үшін қаржы сауатын арттыру керектігін айтты.

«Өкінішке қарай, қылмыс бір орында тұрмайды және күн сайын жаңа көріністерге ие болады. Алаяқтық – мүліктік қылмыстардың кең тараған түрі. Оның ішіндегі ең өзектісі – несие саласындағы алаяқтық. Біз несие берудің қолайлы шарттары мен тез өңдеу мерзімі туралы уәде беретін делдалдармен байланыс жасамауды ұсынамыз. Әдетте мұндай адамдар - сіздің сенгіштігіңізді, қаржылық технологиялар мен құқықтық мәселелер саласындағы нашар біліміңізді пайдаланып, қылмыс арқылы баюға ұмтылатын әлеуетті алаяқтар», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Оның айтуынша, жеңіл ақша табуды көздегендер – жақсы психологтар, олар азаматтардың сеніміне тез және оңай кіреді.

Бұған дейін тоқсаннан астам адамның атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйелдің сотталғанын жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Бүгінде Қазақстанда азаматтарға онлайн ақшалай несие беретін 20-ға жуық компания жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар