+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің көріністері Алматыда түсіріліп жатыр

2019 жылғы 5 қараша 14:01
Бөлісіңіз:
Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің көріністері Алматыда түсіріліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ақын Мұқағали Мақатаев туралы фильм түсіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін кино саласындағы «Алтын глобус» сыйлығы тапсырылады Қазақстандық фильм Грекияда өткен кинофестивальде жүлделі болды «Әміре» фильмі Финляндия астанасында көрсетілді

Алматының қақ ортасында қолшатырмен толып жүрген адамдар, тұрғындардың назарын аударды. Кейін бұл жерде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы фильм түсіріліп жатқандығы белгілі болды.

Редакциямызға қала тұрғындары Абылайхан көшесінен Төле би - Бөгенбай батырға дейінгі көшенің жабылғанын айтып, суреттерін жіберді. «Қазақфильм» киностудиясы бұл ақпаратты растады.

Мұзбалақ ақынға арналған көркем фильмнің режиссері - Болат Қалымбетов. Оның айтуынша, жаңа кинокартинада ақын өмірінің соңғы жылдары айшықталмақ. Көрермен Мұқағали Мақатаевтың есейген шағымен, Қазақ КСР Жазушылар одағы отырысында ақынның тағдыры шешілген сәтімен танысады.

Бұл фильм ақын ғана емес, адамның тағдыры жайында болмақ.

Фильмнің сценарийін Жүсіпбек Қорғасбек, Болат Қалымбетов, Ғазиз Насыров жазды.

Бұған дейін түсірілім Өскемен мен Санкт-Петерборда болды.

Алматыдағы түсірілім аяқталған соң, шығармашылық топ Алматы облысына жол тартпақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Әдебиет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT