«Мұқағали» фильмінің түсірілімі басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Картина ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері - танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіруде.

«Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында», - дейді фильмнің режиссері Қалымбетов.
null

Түсірілім жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы және Алматы облыстарына жол тартпақ.
null

Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.

null

Соңғы жаңалықтар