«Мұқағали» фильмі ШЫҰ елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына енді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Мұқағали» көркем фильмі Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдері кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына іріктеліп алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше, режиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмі 27-31 қаңтар аралығында Мумбай қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер кинофестивалінің «Үздік режиссер» номинациясы бойынша конкурстық бағдарламаға енгізілді.
«Кинофестиваль іріктеуіне қоюшы-режиссер Б.Қалымбетовтың - «Мұқағали», қоюшы-режиссер А. Сатаевтың - «Ұлы дала таңы», қоюшы-режиссер А. Ержановтың «Адемоканы оқыту», режиссер А. Анартаевтың «Ыстық көл» фильмдері жіберілген болатын», - деп хабарлады киностудиядан.
Еске салайық, «Мұқағали» көркем фильмі бұған дейін Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.
Дубайдағы Мeta Film Fest кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ Шотландияда өткен халықаралық Сент-Эндрюс кинофестивалінде бес жүлдені жеңіп алған болатын.

Фото: kazakhfilmstudios.kz
Соңғы жаңалықтар