Мұхтар Төлеген: Парламенттік сайлау стандартты емес шешім қабылдайтын көшбасшы жастарды іріктейді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, алдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы стандартты емес шешім қабылдайтын көшбасшы жастарды іріктейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол Өскемен қаласында өткен «Сайлау-2021: маңызы мен ерекшеліктері» атты сарапшылар кеңесінің отырысында мәлім етті.

«Жаңа сайлау науқаны басталғанға дейін еліміздің қоғамдық-саяси өміріне барлық санаттағы азаматтардың қатысуын арттыру бойынша шаралар қабылданды. Бұл пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сәйкес келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың қызметін жандандырады. Алдағы сайлау осыған дейінгілердің барлығынан ерекше. Оның ерекшелігі, үгіт-насихатқа дейінгі ұзақ кезең, яғни 51 күн», - деді Мұхтар Төлеген.

Оның айтуынша, соның арқасында партияларға ұзақ уақыт бойы сайлау науқанына дайындалуға мүмкіндік жасалды.

«Саяси партиялар үгіт-насихатқа дейінгі уақытты тиімді және креативті түрде өткізуге тырысты. Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңында алғаш рет Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота бекітілді. Бұл норма нәзік жандылар мен өскелең ұрпақты билік органдарына тартудың тиімді тетігі болып отыр. Нәтижесінде стандартты емес шешім қабылдайтын көшбасшы жастар іріктелмек», - деді ШҚМУ ректоры.


Соңғы жаңалықтар