20:08, 25 Қаңтар 2021 | GMT +6
Мұхтар Тілеуберді Түркия Елшісімен екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркияның Қазақстандағы Елшісі Уфук Экиджиді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасып, COVID-19 инфекциясымен күрестегі табысты өзара іс-қимылды қанағаттанушылықпен атап өтті.
Тараптар көпжақты форматтағы серіктестіктің өзекті мәселелерін және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жолдарын қарастырды», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.