Мұхтар Тілеуберді Ташкенттегі Экономикалық ынтымақтастық ұйымы министрлерінің кеңесіне қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ташкенттегі Экономикалық ынтымақтастық ұйымы министрлерінің кеңесіне қатысады. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 23-24 қаңтарда Ташкент қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 26-шы отырысы өтеді. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысады. Оның барысында Ұйымға мүше мемлекеттердің экономика, логистика, экология, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері талқылануы жоспарланып отыр», - деді А. Смадияров.

Оның айтуынша, министрлер кеңесінің қорытындысы бойынша Ташкент коммюникесін және басқа да бірқатар құжаттар мен ЭЫҰ есептерін қабылдау ескерілген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мьянмада құлдықтан босап шыққан Қазақстаның екі азаматы елге жеткізілгенін айтты.


Соңғы жаңалықтар