Мұхтар Тілеуберді Ташкентте өткен халықаралық конференцияға қатысты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты Халықаралық конференцияға қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Конференцияның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде М.Тілеуберді өңіраралық ынтымақтастықтың тарихи өзара байланысы мен қазіргі деңгейін атап өтті, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде ұсыныстар енгізді. Конференция барысында Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуі жағдайында гуманитарлық қолдау көрсетуді қоса алғанда, қауіпсіздік саласындағы бірлескен күш-жігерді арттыру, сондай-ақ ШЫҰ, ЕАЭО және АӨСШК сияқты көпжақты тетіктер мен бірлестіктердің рөлін арттыру тақырыптары талқыланды.

Министр М.Тілеуберді Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеёвпен кездесті. Екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау кезінде өзбек басшысы Қазақстан-Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының жақын арада іске қосылуына ерекше назар аударды. Қазақстан делегациясының мүшелері қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық салаларға арналған үш секторалдық сессияға да белсене қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің өңірлік өзара байланысты дамыту туралы Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Конференция аясында М.Тілеуберді Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрі Жамшит Ходжаев, Италияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаномен бөлек кездесулер өткізді.



Соңғы жаңалықтар