+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

2019 жылғы 18 қыркүйек 19:29
Бөлісіңіз:
Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
«Атырау» футбол клубына жаңа бапкер келді Ақтөбеде баспасөз хатшысы судья болды Қызылорда облысында бірқатар тағайындаулар болды

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқармасының атташесі, үшінші хатшысы. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігінің кеңесшісі, ҚР істерінің Израильдегі Уақытша сенімді өкілі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі.

2004 жылдан бастап ҚР Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2005 жылдан бастап Қазақстанның Индонезиядағы, Бруней Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарды. 2009 жылдан бастап ҚР-ның Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі және басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі, Қазақстанның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, еліміздің Лихтенштейн кіняздігіндегі және Ватикан мемлекетіндегі дипмиссиясының басшысы міндетін қоса атқарушы.

2016 жылғы наурыз айынан бері ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT