Мұхтар Тілеуберді Сауд Арабиясына барады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сауд Арабиясына сапарлайды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 6-8 қыркүйегі аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары- Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Эряд қаласына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында министр Эр-Рияд қаласында жұмыс сапарымен болады. Сапар барысында Министр Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн Мемлекеті, Оман Сұлтандығы, Катар мен Кувейт мемлекеттері кіретін «Орталық Азия елдерінің және Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші министрлік кездесуіне қатысады»,- деді ол.

Оның дерегінше, іс-шара аясында қатысушылар өзара іс-қимылдың түрлі салаларындағы өңіраралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды. Оның қорытындысы бойынша саясат пен қауіпсіздік, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ және әлеуметтік мәселелер, жастар мен спорт, көлік, су ресурстары және энергетика сияқты салаларды қамтитын 2023-2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын қабылдау жоспарлануда.

«Сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен және араб елдерінің бірқатар жетекші компанияларының өкілдерімен кездесулері жоспарланған», - деді Айбек Смадияров.


Соңғы жаңалықтар