+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Мұхтар Тілеуберді: Нормативтік актілерді дебаттар арқылы талқылау тәжірибесі енгізіледі

2021 жылғы 10 маусым 16:54
Бөлісіңіз:
Мұхтар Тілеуберді: Нормативтік актілерді дебаттар арқылы талқылау тәжірибесі енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-жалпы отырысында норма шығаруды жетілдіру мәселелеріне енгізілген заңнамалық өзгерістер туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында кәсіпкерлерді қорғау нәтижелері жарияланды - прокуратура Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа өзгерістер енгізілді Президент квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңға қол қойды

Премьер-Министрдің орынбасары өз сөзінде жаңғыртылатын энергия секторының тартымдылығын арттыру үшін 2020 жылы заңға түзетулер енгізілгенін атап өтті.

«Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жаңғыртылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуға 20 жылдық келісімшарт жасалады», - деді министр.

Сонымен бірге, ол норма шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша тиісті заңға қол қойылғанын еске салды.

«Нормативтік-құқықтық актілерді жария түрде қарау және талқылау мерзімдерін ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде норма шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша тиісті заңға қол қойылды. Жаңа тәртіп бойынша, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде «Ашық НҚА» порталынан басқа талқылаудың тағы екі тәсілі қарастырылған – Жария тыңдаулар мен дебаттар 15 жұмыс күнінен бастап және одан көп уақыт жұмыс істейді. Бұл тәсіл азаматтарға реттелетін сала бойынша өз көзқарастарын білдіруге және талқыланатын мәселе бойынша екі тарап арасында алмасу жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Мұхтар Тілеуберді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT