+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Мұхтар Тілеуберді Нью-Йоркте «С5+1» министрлік кездесуіне қатысты

2021 жылғы 23 қыркүйек 09:45
Бөлісіңіз:
Мұхтар Тілеуберді Нью-Йоркте «С5+1» министрлік кездесуіне қатысты

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы шеңберінде Нью-Йоркте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев, Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың қатысуымен «С5+1» министрлік кездесуі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайланды Әлемде туберкулезден көз жұмғандар саны соңғы 10 жылда алғаш рет өсті БҰҰ 2040 жылға дейін іштен жану двигателімен жүретін көліктерді шығаруды тоқтатуға шақырды

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Ауғанстандағы дағдарысты жағдайды шешуде, өңір мемлекеттерінің COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша күш-жігерін біріктірудегі, экономикалық өзара байланыстылық саласындағы мүмкіндіктерді іске асырудағы және климаттық дағдарысқа қарсы күрестегі зор әлеуетін атап өтіп, «С5+1» өңірлік дипломатиялық платформасының маңыздылығын растады. Елден кеткісі келетін шетелдік азаматтар мен ауғандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және Ауғанстанның инклюзивті үкіметін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы «С5+1» өзін өңірлік қауіпсіздікті талқылаудың, Орталық Азия өңірі ішіндегі және АҚШ-та өзара тиімді байланыстарды арттырудың тұрақты алаңы ретінде танытты» деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Қазақстанның «С5+1» елдерінің табиғат қорғау ведомстволары басшыларының кездесуін шақыру жөніндегі бастамасының дер кезінде ұйымдастырылғанын, олардың практикалық қорытындылары экономикалық өсудің қозғаушы күші бола алатынын атап өтіп, өңірлік энергетикалық байланыстар мен энергия тиімділігі жақсарған мүмкіндіктерді атап өтті.

«С5+1» кездесуі Орталық Азиядағы жаңа сын-қатерлер мен қауіптерді, экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі бірлескен шараларды, сондай-ақ өңірлік тәсілді талап ететін сауда-инвестициялық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылауға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, М.Тілеуберді АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу және АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия бойынша кеңсесінің Аға директоры Эрик Гринмен кездесті.

Келіссөздер барысында екіжақты, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер, соның ішінде аса жоғары және жоғары деңгейдегі байланыстар, Ауғанстандағы ағымдағы жағдай және ауғанаралық диалогты ілгерілету және т.б. мәселелер талқыланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT