Мұхтар Тілеуберді ҚР Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісімен кездестi

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасы Президентінің Экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тараптар инвестицияларды басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады. ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысын жақсарту жөнінде пікір алмасты.

Сұхбаттастар тұрақты диалог пен жүйелi кездесулерді жалғастыруға келісті», - деп мәлім етті ҚР СІМ-нен.


Соңғы жаңалықтар