Мұхтар Тілеуберді ҚХР Елшісін қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚХР Елшісі Чжан Сяоны қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

7 қаңтар – Қытай тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚХР Елшісі Чжан Сяоны қабылдады.

Елші ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Мемлекет басшысының атына қолдау және еліміздегі жағдайдың тез арада тұрақтануына сенім білдіру сөздерімен жолдаған жолдауын жеткізді.

Дипломаттың айтуынша, Қытай тарапы Қазақстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін кез келген күшке қарсы, ал Қытай еліміздің адал досы және сенімді серіктесі болып табылады.

Министр елдегі жағдай және ҰҚШҰ күштерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы операция туралы хабарлады.



Соңғы жаңалықтар