Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлі туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БҰҰ-мен ынтымақтастық біздің сыртқы саясатымыздың басымдығы болып қала береді. Көпжақты ынтымақтастығымыздың 27 жылында Қазақстан мен БҰҰ берік серіктестік орната алды. Біздің мемлекет БҰҰ-ның 100-ден астам келісімдері мен конвенцияларына қосылды және БҰҰ-ның 19 бағдарламасы мен агенттіктерін қабылдады. Біздің Президенттеріміздің БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне 12 сапарында, оның ішінде жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясына қатысуында және БҰҰ Бас хатшысының Қазақстанға жасаған 4 сапарында ынтымақтастықтың жоғары деңгейі көрінді», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Ол Қазақстанның негізгі бастамаларының бірнеше рет ұйым мінберінен айтылғанын еске салды.

«БҰҰ Бас ассамблеясында алғашқы сөйлеген сөзінде Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті өткізу бастамасын көтерді. Содан бері АӨСШК қауіпсіздік мәселелерін шешуге ұжымдық көзқарастардың тұғырнамасы ретінде өз құндылығы мен өміршеңдігін дәлелдеді. 2020 жылы АӨСШК-ге төрағалық еткенде біз АӨСШК-ны қайта жаңғыртып, оны қауіпсіздік пен даму саласындағы толыққанды аймақтық ұйымға айналдыру үшін бар күшімізді саламыз. Қазақстанның Еуропа мен Азия, солтүстік пен оңтүстік арасындағы географиялық және саяси көпір ретіндегі рөлі біздің жаһандық аймақтық процестерге қатысуымызбен ғана емес, ара ағайын болып, сенім ұялату қабілетімізбен де айқындалады», - деп атап өтті министр.

Спикердің айтуынша, Алматыдағы Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі кездесу және Сирия бойынша Астана келіссөздері біздің ара ағайындық күш-жігеріміздің мойындалғанын көрсетеді.

«БҰҰ жұмысының үш бағытында біздің көпжақты көзқарасты қолдайтын рөліміз көрінеді, олар – бейбітшілік пен қауіпсіздік, даму және адам құқықтары», - деді ведомство басшысы.

Фото: mfa.gov.kz

Соңғы жаңалықтар