Мұхтар Тілеуберді қазақстандықтарды қайтаруға қолғабыс көрсеткен поляк әріптесіне алғыс білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Польшаның Сыртқы істер министрі Яцек Чапутович телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында поляк сыртқы саяси ведомствосының басшысы Польшаның 19 азаматының Қазақстаннан Варшаваға қайтуына көрсетілген көмек үшін ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде, министр М.Тілеуберді Қазақстанның 207 азаматын елге қайтару барысында көрсетілген қолғабыс үшін поляк әріптесіне алғыс білдірді.

Еске сала кетсек, Польшаға жіберілген «Скат» қазақстандық әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсімен Қазақстанда қалып қойған поляк азаматтары да жолданған болатын.

Сұхбат соңында, тараптар екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде «COVID-19» коронавирус пандемиясы салдарынан орын алған дағдарысты жеңу бойынша жаһандық күш салысу шеңберінде одан әрі нығайтуға уағдаласты.
Телефон арқылы сөйлесуге поляк тарапы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар