Мұхтар Тілеуберді Израиль Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Яир Лапидпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, олар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты.

Министрлер алдағы жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған іс-шараларды бірлесіп үйлестіруге келісті.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.



Соңғы жаңалықтар