Мұхтар Тайжан: Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы - елдегі демократияның көрсеткіші
Оның айтуынша, митингілер елдегі демократияның көрсеткіші.
«Елге митингілер қажет. Көріп отырғанымыздай, митингілер шет елдерде күн сайын өтеді, біз де оған үйренуіміз керек. Әр ғылыми теорияның тетігі - ол практика. Әріптестерім келтірген статистика мен мысалдарға сүйенсек, қазір оған деген көзқарас өзгерген. Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған жаңа заң өзінің тиімділігін көрсетті. Біз үшін бұл заң прогрессивті болды», - деді сарапшы.
Еске салайық, бүгін Алматыда танымал сарапшылар бейбіт жиналыстар туралы заңның нәтижесін талқылады. Шараға белгілі қазақстандық сарапшылар, құқық қорғаушылар, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері мен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин қатысты.
Баяндамада жаңа заңның қолданылуы азаматтарға өздерінің азаматтық позициясын көрсетуге кең мүмкіндіктер беретіндігіне назар аударылады. Сонымен қатар, заң нормалары бойынша жаңа орындарда, қалалардың орталықтарында бейбіт жиналыстар өткізу тұрғын халықтың көп жиналуына, бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты жария етуге жол ашты.