Мұхтар Тайжан: Ауыл шаруашылығы жерін жалға беру тетігін өзгерту керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінде үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесі бойынша өз ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Парламент Мәжілісінде қазіргі уақытта «Жер ресурстарын тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр.

Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті, жер реформасы бойынша комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері бойынша бірнеше ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, жер бойынша мемлекеттік меншікті сақтай отырып, жалға беру нарығын дамыту маңызды. Мұхтар Тайжан атап өткендей, жердің жал нарығы тек қана Қазақстан азаматтары арасында және 100 пайыз қазақстандық фирмалардың арасында болуы тиіс. Нарық ашық әрі электронды болуы керек.

«Біздің ұсынысымыз - бірыңғай аграрлық салықты енгізу. Ол не деген сөз. Бүгінгі таңда егер мен жермен айналыспасам, мен жердің салығын төлемеймін. Яғни, жер бос жата береді. Ал егер мен жұмыс жасай берсем, маған қосымша 7-8 салық қосылады. Сонда маған жермен айналысу, жермен жұмыс істеу тиімді де емес. Біз бұны өзгертуіміз керек деп есептеймін. Жерді жалға алдың ба - сол жылдан бастап, сен бірыңғай салықты төлеуің керек. Яғни, саған жермен айналыспау тиімді болмайды. Ал егер жұмыс істей берсең, салықты оңай төлеуге болады. Бұл жерде жемқорлыққа да жол бермейміз. Себебі, салықты санау өте оңай. Ешқандай есепші де керек емес. Сол себепті, біздің негізгі ұсыныстарымыздың бірі - бірыңғай аграрлық салықты енгізу», - деді ол.

Сонымен бірге, дөңгелек үстел барысында жерді пайдалану процестері бойынша қатаң бақылау орнату үшін ғарыштық мониторинг жүйесін заңдастыру керек.

Мұхтар Тайжанның айтуынша, банк кепілдігінен ауыл шаруашылығы жерлерін ашып шығу бойынша заңнамалық шешімдерді табу керек.

Соңғы жаңалықтар