Мұхтар Ниязов республикалық айтыстан көлік ұтты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Тобыл-Торғайым, жүректен толғайын!» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шақшақ Жәнібектің 325 жылдығына, Ақсұлу Орысбайқызының 145 жылдығына, Қайнекей Жармағамбетовтің 100 жылдығына арналған сөз бәйгесі Қостанайдағы Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылды. Екі күнге созылған айтысқа Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Қазірет Бердіхан, Мейірбек Сұлтанхан, Салтанат Өтелбаева, Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан, Тоба Өтепбаев, Батырлан Сағынтаев, Азамат Мәлжанбай, Медет Байзақов, Марат Ахметов, Марғұлан Оспанов сияқты елге танымал ақындар қатысты. Жүргізуші - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман.

Әділ қазылар құрамында халық ақындары Әсия Беркенова мен Әселхан Қалыбекова, белгілі ақын, драматург Ақылбек Шаяхмет, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Нұрқанат Құлабаев және ақын Бауыржан Халиолла болды.

null  Қазылар алғашқы айналымнан озық шыққан алты ақынды жұптады. Республикалық айтыстың бас жүлдесін «Алтын домбыраның» екі мәрте иегері Мұxтар Ниязов жеңіп алды. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев жеңімпазға Қостанайда құрастырылған «Пежо» автокөлігін сыйға тартты.

1-орынды Шұғайып Сезімxан алды. Оған 800000 теңге сыйақы берілді. Екінші орынды Қазірет Бердіxан мен Айбек Қалиев қанжығалады. Ал 3-орын Марат Аxметов пен Мейірбек Сұлтанxанға бұйырды.

null«Қостанайда 2 күн бойы жыр жәрмеңкесі өтті. Негізі Қазақстанның бүкіл өңірінде болып жүрміз ғой. Соның ішінде Қостанай туралы «орыстанып» кеткен аймақ дегенді көп естиміз. Бірақ, бүгін осы сөзді түбегейлі жоққа шығарып жібергім келеді. Мәселен, осы айтыста астарлап айтқан сөз мәйегін ұғынып отырған тұрғындарға риза болдым. Талғампаз көрермендер осында тұрады. Бұған қоса, қостанайлық қазылар өз ақындарына бұрмалаған жоқ. Айтыс - ойдың күресі. Мұнда нақты жеңетін адамды алдын ала біле алмайсың», - деді Мұхтар Ниязов агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Айтыс қорытындысында ақындарға атаулы сыйлықтар тапсырылды. Жақында Қызылордада өтетін республикалық айтысқа Қостанайдан Тоба Өтепбаев баратын болды

Соңғы жаңалықтар