Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен айтыста бас жүлде алды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық айтыс ақыны Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен халықаралық айтыстан бас жүлде алып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Қазақ пен қырғызға ортақ ақын болды деген осы. Қуан, қазақ! Қырғыздың Қарқара жайлауында өткен халықаралық айтыстағы Мұхтардың бас жүлдесі құтты болсын», - деген қуанышты хабарын жеткізді басқарма басшысы.

Мұхтар Ниязов Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1985 жылдың 4 қарашасында дүниеге келген. Алғашқыда жазба ақын ретінде қалам тартқан ол айтыс өнерін аудандық оқушылар айтысына қатысудан бастады. Мұхтар облыстық ақындар айтысы мен жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері.

Ол елімізде «Алтын домбыра» байқауының үш дүркін иегері. Сондай-ақ, көптеген айтыста жеңімпаз болса, бірқатарында жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қазақстан барысына» Қызылордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді.


Соңғы жаңалықтар