+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Мұхтар Құл-Мұхаммед: ЕАЭО аясында қазақстандық кәсіпкерлерді шектеу азаймай тұр

2020 жылғы 24 қыркүйек 11:09
Бөлісіңіз:
Мұхтар Құл-Мұхаммед: ЕАЭО аясында қазақстандық кәсіпкерлерді шектеу азаймай тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Еуразиялық экономикалық одақтың проблемаларын көтерді. Оның айтуынша, Қазақстан тауарларын Ресейдің федералдық шенеуніктерінің қазақстандық кәсіпкерлерді шектеуі азаймай тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Музейлер мен кітапханаларға табыс табуға мүмкіндік беріледі Мәжілісі депуттарының сайлауы қоғам дамуындағы маңызды кезең болуы тиіс - Мәулен Әшімбаев Еліміздегі өзгерістердің мән-маңызын мәслихат депутаттары әр қазақстандыққа жеткізеді - Сенат

«Бұл біздің Елбасының бастамасымен құрылған өте қажет экономикалық, тауарларды сыртқа шығаруға мүмкіндік беретін, интеграцияны күшейтетін одақ. Сөйте тұра бұл одақтың проблемасы азаймай отыр. Дәл осы залда Сенат төрағасы болып отырған кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер министрлігіне бірнеше ескерту жасаған еді. Атап айтар болсақ, оның ішінде мынау одақтағы түрлі хаттамаларға жиі-жиі өзгерістер енгізіле береді. Қажетті болса да, болмаса да... Түсірілген өзгерістер екі елдің Парламентінің қос палатасы қарап, оларға біз үнемі толықтырулар енгізіп отырамыз. Сөйте тұра Қазақстанның көрші елдерге шығарылатын тауарларын сол елдегі федералдық шенеунік дәрежесіндегі адам тоқтатып тастайды», - деді сенатор Сенат отырысында.

Оның айтуынша, екі мемлекеттің басшысы қол қоятын болса, екі елдің Парламенті қарайтын болса, оны бір федералдық шенеунік тоқтатып тастаса, «мұның қандай заң болғаны».

Бұл сұраққа жауап берген Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов аталмыш мәселеге Сауда және интеграция министрлігі жауапты екенін айтып өтті.

«Олар – еуразиялық интеграцияны жүргізетін жетекші орган. Біз ЕАЭО-ның жұмысының саясиланып кетпеуіне жауаптымыз. Интеграция және экономикалық одақ мәселесі – тірі процесс. Кейбір мәселелерді алдын ала білу мүмкін емес. Жұмыс және келіссөз барысында қашан да жаңа жағдайлар пайда болып, заңға қандай да бір өзгерістерді енгізуді талап етіп жатады», - деді ол.

Аян Бекенұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT