Мұхтар Құл-Мұхаммед Бразилияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Бразилия Елшісі Рубем Барбосамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М.Құл-Мұхаммед мейманмен кездесу кезінде Қазақстан Бразилияның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі екенін және бұдан былай да солай болып қала беретінін атап өтті.

«Біз Бразилияны Латын Америкасындағы негізгі әріптестердің бірі, халықаралық аренадағы экономикалық әрі саяси беделі зор мемлекет, БРИКС пен G20-ға мүше ел ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті сенатор.

Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің пікірінше, екі елдің парламентшілері арасындағы байланыстарға қарқын беру саяси диалогтың маңызды бөлшегі бола алады.


Соңғы жаңалықтар