Мұхтар Құл-Мұхаммед Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед Абай шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.


«Жақында Абай атамыздың өлеңдерін оқу эстафетасын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға жолдаған едім. Ол кісі қабыл алып, эстафетаға өзінің үнін қосыпты. Мұхтар Абрарұлы мырза Ұлы ақынның «Көк тұман – алдыңдағы келер заман» өлеңін оқып, «мен» мен «менікінің» мәнін жеткізіпті», - деп жазады Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Абайды тану дәстүрін достары Ресейдің мемлекет қайраткері, кезінде Мәдениет министрі болған М.Е.Швыдкойға, Әзербайжанның Ресейдегі Елшісі, әйгілі әнші-композиторы, ұзақ жылдар Мәденит министрі болған Полад Бұлбұлоғлыға, Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және теxнологиялар министрі қызметін атқарған Такео Кавамураға және Иорданияның Мәдениет министрі болған Нэнси Бакир xанымдарға жолдады.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Соңғы жаңалықтар