MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монета айналымға шығады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады.

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша хабарланады.

Биыл 28 қыркүйекте қазақ жазушысы, әдебиеттанушы ғалым, драматург Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды.

Номиналы 500 теңгелік монеталар:

- күміс монетаның сапасы – proof, массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, таралымы – 2 000 дана.

Номиналы 100 теңгелік монеталар:

- мельхиор қоспасынан дайындалған монетаның сапасы – brilliant uncirculated, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 20 000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, еліміздегі банктерде шотқа есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ-тың нөмірлі сапа сертификаты бар кәдесый орамында болады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар жеке блистерлік орамда шығарылады.


Фото: nationalbank.kz








Соңғы жаңалықтар