Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, «БТА Банкі» АҚ-ның директорлар Кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Қазіргі уақытта қылмыстық топ келтірген залалдың 6,3 млрд теңгесі қосымша өтелді.
Бұл – Мәскеу қаласындағы ірі бизнес-орталығының құрылысына салынған және Әбілязовтің бақылауындағы оффшорлық компанияға қайтарымсыз несие беру арқылы жымқырылған БТА банкінің қаражаты болып табылады.
Қазақстанға сот төрелігінен жасырынып жүрген тұлғаларды экстрадициялау және өз еркімен қайтару, басқа қылмыстық эпизодтар аясында келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда», - делінген агенттік ақпаратында.
- Жамбыл облысында соңғы екі жылда парақорлықтың 110-нан астам фактісі тіркелді
- Тараз мектебінде жұмыста жоқ медбике мен психологқа айлық төленіп келген
- Көшеде азаматтарға маскасыз жүргені үшін айыппұл салған дұрыс па
- Алик Шпекбаев ашық әкім кабинетінің қандай болатынын айтты
-
Елордада алғаш әлеуметтік дәріхана ашылды
-
Алтай Көлгінов пен Алик Шпекбаев «Астана – адалдық алаңы» жұмысымен танысты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам