Мұхамедиұлы: Димашқа қолдау көрсетіліп келді және көрсетіле де бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеновты Қытайда өткен «Singer-2017» байқауындағы сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.

Осыған дейін хабарланғанындай, Димаш Құдайбергенов «Singer-2017» байқауының финалында екінші орын алды. Димаш пен қытайлық әнші қыз Шан Вэньцзе Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Erth song, Billie Jean және Dangerous атты әндерін орындады. Жерлесіміз екінші орын алды. Бірінші орынды гоконгтік өнерпаз Линь Илянь алса, үшінші орынға «Lion» тобы тұрақтады.

«Бұл өте ұзақ әрі жанкештілікпен өткен бәсеке болды. Бұл біздің Димашымыздың үлкен еңбегінің жемісі. Ол жарып шықты және үлкен жетістікке қол жеткізді. Димаш пен оның ата-анасын, оның өнеріне тәнті әрбір азаматты, барлығымызды осы жеңіспен құттықтаймын!. Біз өте қуаныштымыз және кеудемізді мақтаныш кернейді»,-деп жазды Мұхамедиұлы өзінің">Facebook желісіндегі парақшасында.

Министрдің сөзінше, рейтинг бойынша бірінші орынды алған жеңімпаздың көрсеткіші финалдың алдында 0,15 ұпай ғана болды.

«Димаш тек жұлдыз ғана емес, ол шексіз дарын иесі. Ол алдағы уақытта тек өсіп жетіле беретін болады. Оны алдыда бұдан кем емес жарқын жеңістер күтіп тұрғанына мен сенімдімін. Өзімнің тарапымнан айтарым, Димашқа қашанда қолдау көрсетіліп келді және алдағы уақытта да көрсетіле бермек. Димаш алтыным, саған сәттілік тілеймін, біз барлығымыз сені мақтан тұтамыз»,-деп қорытты Мұхамедиұлы.

Соңғы жаңалықтар