Мүгедектік бойынша бірқатар жәрдемақы қайта қаралады – Біржан Нұрымбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мүгедектік үшін берілетін бірқатар жәрдемақыға өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық жоспар шеңбердінде министрлік азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша заң жобасын әзірледі. Заң жобасы 80-нен астам нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер енгізуді көздейді және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге қатысты Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасында көрініс атпқан оннан астам тұжырымдамалық толықтыруларды қамтиды», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның ішінде мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындамайтын жұмыс берушілердің өтемақы жарналарын енгізу, барлық бірінші топтағы мүгедек жандарға күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізу, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедек топтары бойынша бөлу, жәрдемақы мөлшерін қайта қарау, мүгедектікті және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыларды бірге алу құқығын беру, І-ІІ топ мүгедектігі белгіленген жағдайда 18 жастан асқан балалар үшін тұрғын үй кезегін сақтап қалу сынды маызды әлеуметтік нормалар бар.

Заң жобасы барлық сатыларынан өтті және жақын арада Парламентке енгізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар