Мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсететін қаржы ұйымдарына талаптар әзірленіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бойынша қаржы ұйымдарына талаптар әзірленіп жатыр. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстанның стандарттац жне метрология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынымен бірге «Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету бойынша қаржы ұйымдарына талаптар» ұлттық стандартын әзірлеу жұмысы басталды. Бұл бағыттағы жұмыс осы жылдың соңына қарай аяқталатын болады», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Бұған дейін елімізде І, ІІ, және ІІ топтағы мүгедектігі бар 66,7 мың адамның негізгі қарызының жалпы сомасы шамамен 39 млрд теңге болатын тұтынушылық займдары мен шағын несиелері бар екенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар