Мүгедектігі бар жандар белгілі бір нысанда өздеріне қандай жағдай жасалғанын сайт арқылы біле алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мүмкіндігі шектеулі азаматтар қандай да бір нысанда қажетті жағдай жасалғанын үйден шықпай-ақ біле алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті атқарушы органдар жүргізетін жұмыс «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында орналастырылады. Онда объектілердің «интерактивті қолжетімділік картасы» жұмыс істейді және ол тұрақты негізде өзектендіріледі. Бұл карта барлық азаматтарға ыңғайлы. Мүгедектігі бар адамға үйден шықпай-ақ, компьютерден немесе телефоннан белгілі бір объектінің қол жетімділік дәрежесін анықтауға мүмкіндік беріледі», - деп түсіндірді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Бүгінде inva.gov.kz сайтына 9 мыңнан астам нысан туралы деректер енгізілген. Яғни, ол арқылы түрлі объектілердегі пандус, арнайы лифт және өзге қажетті жағдайлардың бар немесе жоқ екенін көруге болады.

Сонымен қоса, комитет басшысы алдағы екі жылда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 13 мыңға жуық нысан бейімделетінін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар