Мүгедектігі бар тұлғаларды қайта куәландыру ТЖ аяқталғанға дейін созылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мүгедектігі бар тұлғаларды қайта куәландыру төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін автоматты түрде созылды. Бұл туралы ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайта куәландырудан өтуі тиіс мүгедектігі бар тұлғалар төтенше жағдай аяқталғанға дейін автоматты түрде созылды», - деп түсіндірді Серік Шапкенов ОҚК брифингінде.

Бұған дейін ведомство басшысы министрліктің өз міндеттерін толық көлемде орындап жатқанын хабарлады.

«Зейнетақы мен жәрдемақылар қазіргі уақытта толық көлемде және уақтылы беріліп жатыр. Қазіргі уақытта 174 млрд теңге төленді. Бұл қаражат азаматтарымыздың шотында жатыр», - деді Серік Шапкенов.

Авторы: Арайлым Мұрат


Соңғы жаңалықтар