Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттен берілетін жөргектің саны 2 есе көбеюі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттен берілетін жөргектердің саны 2 есе көбейтілуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 1 шілдеден бастап Spina Bifida диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдарды бір реттік майланған катетермен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 328,6 млн теңге сомасында қосымша қаражат қарастырылған» делінген жауапта.

Министр мемлекет тарапынан бұл санаттағы адамдарға берілетін көмектің мөлшері бюджеттің мүмкіндіктеріне байланысты екенін атап өткен.

«Бұдан басқа, қазіргі уақытта жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап берілетін жөргектер санын күніне 4 дана есебінен жылына 1460 данаға дейін ұлғайту мәселесі пысықталуда. Жалпы, мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселесі министрліктің тұрақты бақылауында. Берілетін құрылғылар мен міндетті гигиеналық құралдар санын одан әрі ұлғайту мәселесі мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып қаралады», - деп жазады Тамара Дүйсенова.


Соңғы жаңалықтар