Мүгедектігі бар адамдарға кредит беруді шектеуге жол берілмейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мүгедектігі бар адамдарға кредит беруді шектеуге жол берілмейді. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша І, ІІ, және ІІ топтағы мүгедектігі бар 66,7 мың адамның негізгі қарызының жалпы сомасы шамамен 39 млрд теңге болатын тұтынушылық займдары мен шағын несиелері бар. Қазіргі уақытта банктер кредит берген кезде өтінім беруші табысының дәлелі ретінде ресми кірістерден (зейнетақы аударымдары туралы деректер негізінде есептелген) бөлек өтінім берушінің банктік есепшотына немесе картасына соңғы 6 айда түскен түсімдерді қабылдай алады. Бұған қоса, мүгедектігінің болуы немесе өтінім берушінің зейнетақы аударымдары жоқтығы, сондай-ақ орта, немесе жоғары білімінің, еңбек өтілінің болуы (болмауы) және басқа да осындай жағдай себебімен кредит беруді шектеу және бас тарту белгілеуге жол берілмейді», - деді Үкімет басшысы жауабында.


Соңғы жаңалықтар