Мүгедектерге күтім жасайтындарға төленетін жәрдемақы мөлшері қанша

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес ұйымдар саны елеулі түрде артты. Бұл туралы Парламент Сенатында депутаттармен кездесу барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде Қазақстанда мүгедек адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың екі деңгейлі жүйесі жүзеге асырылуда. Базалық деңгейге мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жатады. 2018 жылғы1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақылардың мөлшері 16 пайызға дейін арттырылды. 2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 507,7 мың адамды, орташа мөлшері 32 418 теңгені құрады», - деді М. Әбілқасымова.

Сонымен қатар министр Елбасының тапсырмасы бойынша 2018 жылғы шілдеден бастап бала кезінен кәмелет жастағы І топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға төленетін жәрдемақының жаңа түрі енгізілгенін еске салып өтті. Бүгінгі күні жәрдемақы 10 мың отбасыға тағайындалып, оның мөлшері 29 699 теңгені құрады.

«Арнаулы әлеуметтік  қызметтердің кепілдендірілген көлеміне қызметтердің 8 түрі кіреді. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 881 ұйымда ерекше қажеттіліктері бар 116 мың адамға, оның ішінде 54 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетілді. Осы бағытта азаматтық сектордың қатысуы дамып келеді. Мысалы, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ҮЕҰ-лар саны 2009 жылы төртеу болса, 2017 жылы 130-ға дейін көбейді», - деді ведомство басшысы.

М. Әбілқасымованың сөзіне қарағанда, 2017 жылы мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыруға және көмек көрсетуге бюджеттен 250 млрд теңге бөлінсе, 2018 жылға 302 млрд теңге жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар