Мүгедектерге коттедж қалашығын салу жобасын ұсынамыз - Құралай Байменова

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мүмкіндігі шектеу азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарына ұсыныстар берілді. Еңбек Ері Құралай Байменова мүгедектерге арналған коттедж қалашығын салу жобасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің бүгінгі бас қосуында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі жоспарына ұсыныстар қабылданды. Қазір Ақтөбе облысында 26 мыңға жуық мүгедек бар. Олар 15 үкіметтік емес ұйыммен тығыз байланыс жасап, сауықтыру, мәдени-ағарту шараларына қатысады.

«Соңғы кездері үкіметтік емес ұйымдар бір бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандар бір бөлек жүрген секілді сезіледі. Күн сайын 5-6 адам қабылдауыма келіп, қарапайым сұрақтар қояды. Демек олар берілетін көмектер мен жеңілдіктер туралы толық білмейді, ақпараттандырылмаған. Сондықтан үкіметтік емес ұйым өкілдері күн сайын 3-5 адаммен кездесіп, ел ішінде атқарылып жатқан істер мен жаңа мүмкіндіктер туралы айтып отыруы керек. Заңдағы өзгертулер мен толықтырулар да маңызды», - деді Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова.

Жиын кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылып жатқан оң істердің артқаны айтылды. Мәселен, Ақтөбе қаласындағы «Жайна» орталығында мүмкіндігі шектеулі балалар тұрақты ем алады. Сонымен қатар «Ғажап» оңалту орталығы аумағын кеңейтіп, балалардың қарапайым өмірге араласуына септігін тигізді. Ал көзі көрмейтін жандар тігін цехында жұмыс істеп, тапсырыс қабылдайды.
null

«Еліміз бойынша мүгедектерді қолдауға арналған бірыңғай қор жоқ. Сондықтан қиын жағдайға тап болып, арбаға таңылған адамдар елден ақша жинауға көмек сұрайды. Бұл дұрыс емес. Ақтөбеде мүгедектерді интеграциялау қоры болса бәріне бір жерден көмек көрсетілетін еді. Қазір әр жерлерде қайырымдылық шарасы ұйымдастырып, көмек көрсетіліп жатыр. Мұның бәрі шашыраңқы, енді жүйелі болғаны дұрыс. Сонымен қатар біз Ақтөбеде мүгедектерге арналған коттедж қалашығын салу жобасын ұсынамыз. Бәрі ашық, үйлердің арасына тас жол төселеді. Сол кезде біз өз күшімізден бір-бірімізге барып, байланыс жасар едік. Мүгедектерге бейімделген қалашықта жаңа мамандық игеруге, біліктілігін арттыруға арналған курстар да болады», - деді Құралай Байменова.

Соңғы жаңалықтар